Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар бірінші болып дауыс берді
Фото: 24.kz/Видеодан алынған кадр
Фото: 24.kz/Видеодан алынған кадр
06.10.2024 09:46
316
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз алғашқы болып дауыс берді. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, республикалық референдум Астана уақыты бойынша сағат 3-те басталды. Бұл кезде Сеул мен Токиода таңғы 7:00 болды. Дауыс беру Қазақстан елшілігінің ғимараттарында өтті.
Учаскедегі жұмыс мемлекеттік әнұранмен басталды. Алғашқы болып дауыс берген Камила Маутова болды. Ол Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүр. Сонымен қатар сонда оқитын студенттер де дауыс беруге қатысып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өз дауысын берді