Жаңалықтар

Оңтүстік Корея билігі елде заңсыз жүрген 37 мың азиялық азаматты өз еліне қайтарды

Оңтүстік Корея билігі елде заңсыз жүрген 37 мың азиялық азаматты өз еліне қайтарды
Фото: Ашық дереккөзден 22.07.2023 15:52 1521

Оңтүстік Кореяның әділет министрлігі бірінші жартыжылдықта елден 37 мың заңсыз шетелдікке елден шығарылғанын мәлімдеді. Бұл тізімде Қазақстан азаматтарының бары туралы дерек айтылмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тұралы Корея Әділет министрлігі бірінші жарты жылдықтағы есеп беру кезінде айтқан. Korea_komek парақшасының жазуынша,  елдің әділет министрлігі осы жылдың бірінші жартыжылдығында 37 мыңға жуық заңсыз шетелдіктерді елден шығарғанын атаған. 
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында үкімет иммиграциялық құқық бұзушыларға қарсы тұрақты жүйені бірлесіп қолданып, 20 427 заңсыз шетелдіктерді қудалағанын және олардың 18 782-сі елден шығарылғанын айтып отыр. 

Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта 18 157 адам өз бетімен елден кетсе, барлығы 37 000 заңсыз шетелдіктер елден аттанған. Оңтүстік Кореядан шығарылғандардың арасында ең көп азаматтар Тайланд және вьетнамдықтар болған. Оның ішінде Таиландтың 8 645 азаматы болса, Вьетнамнан 3 923 адам бар. Сондай-ақ, Қытайдан 2 597 адам, Моңғолиядан 826 адам бары айтылды. 

Бұл ретте Қазақстан мен Корея саясатына байланысты әділет министрлігі ресми елден шығарылған Қазақстандықтардың санын мәлімдемеді. 

Сондай-ақ Әділет министрлігі шетел азаматтарын тұруға ықтиярхатсыз заңсыз жұмысқа алған 4470 жұмыс берушіге айыппұл салғанын жеткізді. Сонымен қатар, заңсыз жұмысқа орналастырып, елге кіруді ұйымдастырған 188 делдалды әшкерелеген.

Биыл бірінші жартыжылдықтағы жағдай бойынша біз 20 мыңнан астам заңсыз шетелдіктерге қарсы әрекет жасадық. Бұл бұрын-соңды болмаған ең көп дерек болып отыр, дейді Оңтүстік Кореяның әділет министрі Хан Дон Хун

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға