Жаңалықтар

Ономастикалық комиссия елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қолдады

Жуырда парламентшілердің ұсынысы Конституциялық заң жобасына да енгізілген болатын
Ономастикалық комиссия елорданың бұрынғы атауын қайтаруды қолдады
Фото: gov.kz 14.09.2022 15:19 1180

Ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы атауын қайтару туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері мен қала тұрғындары елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселені көтерген еді. Жуырда парламентшілердің ұсынысы Конституциялық заң жобасына да енгізілді.

Ономастика комиссиясының отырысына Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» РММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбсеметов, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Т.Кішкашбаев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығы» КЕАҚ бас директоры Е.Тлешов, Қазақстан Жазушылар Одағы қалалық филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Кәпұлы қатысты.

Ономастика комиссиясының мүшелері елорданы қайта атау туралы ұсынысты қолдады.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға