Жаңалықтар

Онлайн саудамен айналысқысы келетіндерге енді сауда объектісі мәртебесін алуы керек

Онлайн саудамен айналысқысы келетіндерге енді сауда объектісі мәртебесін алуы керек
Фото: © Pixabay.com 28.09.2023 11:31 1661

Әлемде интернет сауда күн сайын қарқынды дамып келеді. Десек те онлайн платформада сауда жасаудың қаупі мен кедергілері де жоқ емес. Әсіресе онлайн сауда жасаймын деп опық жеп қалып жатқандар қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты енді заң қатаңдатыла түспек. Бұған дейін онлайн дүкендері бар кәсіпкерлер сауда объектісі мәртебесін алмай-ақ жұмыс істей беретін. Енді жағдай өзгереді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі өкілдері айтты.

Онлайн сауда сегментіндегі заңнамалық олқылықтардың орнын толтыру қажет. Электронды платформаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер қолданыстағы заңнаманың олқылықтарын теріс пайдаланады. Тұтынушылардың құқықтарын жиі бұзады. Сондықтан енді электрондық сауда алаңы offline саудадағыдай сауда объектісі мәртебесіне ие болады, - деді вице-министр Қайрат Балықбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға