Жаңалықтар

Өңірлеріндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша биылғы жұмыс барысы қаралды

Өңірлеріндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша биылғы жұмыс барысы қаралды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 02.05.2024 21:45 572

Көлік министрі Марат Қарабаев әкімдіктермен, мердігерлік ұйымдармен және отандық тауар өндірушілердің өкілдерімен онлайн форматта кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында еліміздің өңірлеріндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша 2024 жылға арналған жұмыстардың көлемі таныстырылды. Талқылаудың маңызды аспектісі — Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бастамаларын іске асыру және отандық өндірістің жол-құрылыс материалдарының ірі жобаларына дайындамаларды талқылау мәселесі болып отыр. 

Сонымен қатар аталған кеңес барысында осы саладағы қазақстандық компаниялардың ынтымақтастығы мен қолдауы, сондай-ақ жол құрылысы мен жөндеу жобаларында оқшаулауды арттыру бойынша күш-жігерді жандандыру мәселелері қаралды.

Бұл бастамалар Қазақстан экономикасын дамытуға және бизнестің сектордағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сөз кезегінде министр мемлекеттік органдар, мердігерлік компаниялар мен жергілікті өндірушілер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту Үкіметтің еліміздің экономикасын дамыту жөніндегі стратегиясын табысты іске асырудың кілті болып табылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға