Жаңалықтар

Өңірлердің әлеуметтік мәселесін шешуіміз керек - депутат

Өңірлердің әлеуметтік мәселесін шешуіміз керек - депутат
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.09.2023 12:40 2433

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров каникулда өңірлерді аралап келгенін айтты. Оның сөзінше, республиканың түкпір-түкпірінде күрмеуі қиын, шешілмеген мәселе көп, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қожаназаров әзірге Үкімет жүргізіп жатқан жұмыстарға көңілі тола қоймағанын айтты. 

Мәселен, Орал қаласында «Кублей» деп аталатын зауыт бар. Олар миллиондаған консверві банкілерін шығарады. Кәсіпорын консервілік өнімдермен елімізді ғана емес, Қырғызстан, Түркіменстанды да қамтып отыр. Әкімшілік зауыттың жанынан тұрғын үйлер саламыз деп шешім қабылдаған. Қазір тұрғын үй салынып жатыр. Адамдар тұратын жерде зауыт жұмыс істеуіне болмайды. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық орталық зауыттың жұмыс істеуге рұқсат қағазының мерзімін ұзартпай отыр. 90-жылдардан бері сәтті жұмыс істеп келе жатқан зауытқа қатысты осындай жағдай болып жатыр. Ең қызығы осындай жағдай болып жатқан кезде «Қалай жаңа жұмыс орындарын ашамыз?» деп бас қатырып, форумдар өткізіліп жатыр, - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, аймақтарда мұндай мысал өте көп. 

Маңғыстау облысында құс фабрикасы жабылудың алдында тұр. Оған Үкімет жағынан қолдаудың жоқтығы – себеп. Әкімшілік жағынан дұрыс қолдау болмай жатыр. 200 адам жұмыссыз қалайын деп отыр. Біз Астанада «Маңғыстау облысында жұмыс орындарын ашайық. Қалай ашсақ болады?» деп жүргенде, зауыттың еш қолдау көрмей отырғаны мені таң қалдырды. Шілдеде біз осы мәселені көтердік. Осы қыркүйекке дейін Кәсіпкерлер басқармасымен бірлесіп, жұмыс істеп, жапқызбай келдік. Енді Парламент мінберінде осы мәселені көтеретін боламыз», - деді Айдарбек Қожаназаров. 

Оның сөзінше, қазір назар бірніші кезекте әлеуметтік мәселелерге назар аудару қажет.

Кәсіпкерлікке қатысты мәселерге қарағанда әлеуметтік сипаттағылары ушығып тұр. Халықтың МӘМС-ке көңілі толмайды. Сондай-ақ азаматтар қарызға кіріп кеткен. Олар қарыздан қалай шығарын білмейді. Әртүрлі кредиттік ұйымдардан алған несиелерінің пайызы өсіп кеткен, - деді депутат.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға