Жаңалықтар

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераны ластаушы заттары азаяды

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераны ластаушы заттары азаяды
Фото: t.me/KZgovernment 21.01.2025 11:14 104

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Экологиялық кодекске сәйкес министрлік жетекшілік ететін салаларда 17 кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуі тиіс. Бұл қоршаған ортаға әсерді азайтуға және кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда оның бесеуі бағдарламаларын бекітіп, кезең-кезеңімен іске асыруға кірісті. Биыл металлургия саласындағы тағы үш кәсіпорын бағдарлама қабылдауды жоспарлауда. Бұдан басқа, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын ластаушы заттарды азайтуға белсенді қатысуы байқалады, — деді Қанат Шарлапаев.

Кәсіпорындар жыл сайын қалалық және аудандық аумақтарды көгалдандыруға, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыруға бағытталған іс-шараларға қатысатыны атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға