Жаңалықтар

Өнеркәсіпке "жасыл" технологияларды енгізу мәселесі талқыланды

Өнеркәсіпке "жасыл" технологияларды енгізу мәселесі талқыланды
Фото: gov.kz 19.04.2025 22:28 250

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақстан өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізудің болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылап қана қоймай, орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындады, сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлін қарастырды.

Ашық диалог форматында министр QazInnovation қоры өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ озық климаттық және ресурс үнемдеу жобаларын іске асыратын GCIP-Kazakhstan финалистер командаларымен тікелей сөйлесті.

Өнеркәсіпте жасыл технологияларды қолдану тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізудің кілті екенін атап өткен жөн. Осы технологияларды белсенді түрде енгізетін өнеркәсіп салалары табиғи ресурстарды сақтауға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға