Жаңалықтар

Өнеркәсіп министрі спортшылардың сапасыз киіміне қатысты пікір білдірді

Өнеркәсіп министрі спортшылардың сапасыз киіміне қатысты пікір білдірді
Фото: t.me/KZgovernment 03.10.2023 15:12 1074

Қазақстанның өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев Азияда ойындарының спортшыларының сапасыз киімдеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Үкімет брифингінде журналистер министрден «Азия ойындарына қатысып жатқан спортшылардың өтініштерінен кейін Ұлттық олимпиада комитетінен Қазақстан құрамасы киімінің сапасына қатысты шағым түсті ме?» деп сұрады.

Бізге шағымдар түскен жоқ. Өнімнің сапасына қатысты айтсақ, тапсырысты спорттық іс-шараны ұйымдастыруға жауапты орган дербес орындады. Сондықтан біздің министрлік нақты жеткізушіні іріктеуде сапаға тексеру жүргізген жоқ, - деп жауап берді министр.

Қанат Шарлапаев Индустрия министрлігі нақты шағымдар мен өтініштерден кейін ғана жеткізушілерді тексере алатынын атап өтті. 

Бұған дейін спортшы Алина Сарқұлова әлеуметтік желілерде Азияда ойындарына қатысу үшін берілген форманың сапасы нашар екенін айтып шағымданған. Аяқ киімдердің табаны жыртылған, ал футболкалар мен шалбарлардың тігісі сөгіліп кеткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Казахстанский шоу-бизнес тут (@lavina.kz)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға