Жаңалықтар

"Онда біреуден туып ал". Жұлдыз Әбдукәрімова мен Тәуекел Мүсілім жаңа фильмге түсіп жатыр

"Онда біреуден туып ал".  Жұлдыз Әбдукәрімова мен Тәуекел Мүсілім жаңа фильмге түсіп жатыр
Фото: Видеодан кадр 03.12.2023 12:03 46088

Белгілі кинопродюсер Дастан Қалдыбаев жақында "Онда біреуден туып ал" атты фильм жарыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фильмнің, фильмдегі оқиғаны сол бір сөзбен дәл жеткізуге болады. Киноны барып, көрмей  тұрып, көп адамдардың құлағына түрпідей тиері анық. Кезінде "Күшік құда" фильмінің атауын сынаған еді. "Мынауың не, қазақта құданы құдайындай сыйлаған" деп айтып жатты, - дейді Дастан Қалдыбаев.

Дастан Қалдыбаевтың Instagram парақшасында жариялаған видеосынынан киноға кімдердің түсіп жатқанын көруге болады. Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова мен актер Тәуекел Мүсілім басты рөлдерді сомдайды.

Бұл фильмде қоғамда бар мәселе көтеріледі. Өкінішке қарай, тұрмысқа шықпай отырып қалған жалғызбасты қыздарымыз да бар, отбасын құрмай жүрген жігіттеріміз де бар. Солардың мәселесін көтерігіміз келді. Болашақта жақсы ой салатын дүние шығатынына сенімдімін, - дейді Дастан Қалдыбаев.

Айта кетейік, бұған дейін танымал актер Дастан Қалдыбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің тойларында бірнеше рет өнер көрсеткенін жазған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға