Оңалту орталықтарында оңалтудың цифрлық күнделігі енгізіледі

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
31.01.2025 16:23
513
Халықты әлеуметтік қорғау саласында оңалту орталықтарында оңалтудың цифрлық күнделігін кезең-кезеңімен енгізу басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған шара оңалту іс-шараларын бақылау мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев хабарлады.
Мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процесіне волонтерлік қызметтерді тарту жөніндегі мәселені пысықтау жоспарлануда. Үлгілік жобалау-сметалық құжаттама негізінде, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып, оңалту орталықтарының құрылысы аяқталады, - деді спикер.
Бүгінгі таңда 9 оңалту орталығының төртеуі Семей, Тараз, Кентау, Орал пайдалануға берілді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Ұлытау облысында және Шымкент қаласында құрылыс жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды