Жаңалықтар

Он тәулікке қамалған қазақстандық стендапер бостандыққа шықты

Он тәулікке қамалған қазақстандық стендапер бостандыққа шықты
Фото: Instagram/merkul_standup 05.08.2024 11:10 462

2024 жылғы 4 тамызда танымал қазақстандық стендапер Александр Меркуль бостандыққа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Комикке бейәдеп сөз қолданып, «қоғамға құрметсіздік көрсетті» деген айып тағылып, ол 10 тәулікке қаламған еді.

Стендапер қолдау білдірген адамдарға алғыс айтты.

Үйдемін! Қолдауларыңызға рахмет! Бәріңізді жақсы көремін, - деп жазды ол.

Сонымен қатар кейбір кештерге қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады.

Келе алмадым, себебі «байланыс аясынан тыс жерде болдым», - деп қосты ол.

Айта кетейік, Меркуль 26 шілде күні қамауға алынды. Сот Меркульге оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, 10 күндік әкімшілік қамауға алуды тағайындаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға