Он мыңыншы қазақстандық шетелдік көлігін заңдастырды
Көкшетау тұрғыны қазақстандық техқұжатты, мемлекеттік нөмірлік белгіні алды
Он мыңыншы қазақстандық шетелдік автокөлігін заңдастырды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
31 жастағы көкшетаулық Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техқұжатты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.
Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Өтінім беру тәсілдері: eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО арқылы. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.
