Жаңалықтар

Он екі жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

Алаяқ Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды
Он екі жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды
Фото: baq.kz 01.11.2022 17:11 1895

Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіінң баспасөз қызметі мәлімдеді.

«54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген», - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға