Омск, Бішкек және Делиде сайлау учаскелері ашылды
Фото: El.kz
Фото: El.kz
20.11.2022 08:37
911
Омск, Бішкек және Делиде де сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.
Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.
Сонымен қатар Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батырда да дауыс беру басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
10 033 учаскеде дауыс беру жүргізіліп жатыр