Жаңалықтар

«Омикрон» штамының мутацияға ұшыраған «Цербер» түрі жылдам таралады

«Цербер» «омикрон» штамының мутацияға ұшыраған түрі
«Омикрон» штамының мутацияға ұшыраған «Цербер» түрі  жылдам таралады
Фото: tulapressa.ru 05.12.2022 16:25 2851

Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының мутацияға ұшыраған жаңа түрі «Цербер» пайда болды. Вирустың жаңа штамы туралы ақпарат құралдар жарыса жазуда.

Қазіргі уақытта мутацияланған «Цербер» 65-тен астам елде, соның ішінде Ресейде, АҚШ-та, Еуропа елдерінде анықталды. Жуырда Қазақстанда да бір жағдай тіркелді. Аталған вирустың таралу жолы мен симптомы туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Алпысбаевтан сұрадық.

«Омикрон» штамының мутацияға ұшыраған «Цербер» түрі  жылдам таралады

Жасұлан Тұрғанбекұлы «Cerberus» штамы Еуропада қыркүйек айында таралса, елімізде қашан анықталды?

– Бұл біріншіден «омикрон» штамының мутацияға ұшыраған түрі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ай сайын коронавирус түрі мен штамдарына мониторинг жүргізіп отырады. Зерттеу барысында елімізде қараша айында анықталды. Біз не үшін оны анықтаймыз? Мониторинг жүргізу арқылы оның түрін, жаңа пайда болған мутациясына лабораториялық зерттеу жүргіздік.

– Бүгінде церберге қатысты қандай шаралар қабылдануда, ауырғандар бар ма?

– Мониторинг жүргізу барысында адамдар жаңа түрімен ауырған жағдайда, оны жеңу жолы, өзін-өзі ұстауы мен емдік шаралары қабылданады. Сол үшін осындай зерттеу жүргіземіз, соның нәтижесінде тиісті шаралар жүргізіледі. «Цербер» туралы халыққа алдын ала ақпарат бердік. Қазақстан бойынша цербермен ауырған бір азамат Астана қаласында тіркелді. Бұл науқас қатты ауырып жатқан жоқ. Жағдайы тұрақты. Ал өзге қалада ауырғандар анықталған жоқ.

 – Яғни, аса қауіпті емес, дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ дейсіз ғой?

Шілде және тамыз айында омикронның осы цербер сияқты BA.4 және BA.5 қосалқы штамдары белгілі болған еді. Цербер де осындай мутацияға ұшырады деуге толық негіз бар. Бұл енді қалай болады деп халық дүрбелеңге түспеу керек.

– Цербердің симптомы мен ерекшелігі туралы айта кетсеңіз?

 – Симптомы омикронның басқа түрі сияқты қарапайым. Дененің қызуы, тамақтың ауруы, жөтел, ара-тұра іштің өтуі байқалады және бұлшық ет шамалы ауырсынады. Яғни, жеңіл түрде өтеді. Адамды қинап бір әбігерге салмайды. Ерекшелігі омикронның басқа түріне қарағанда тез жұғады. Әсіресе, адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған кезде және ауа арқылы жылдам таралады. Сол себепті, тұрғындарға айтарымыз сақ болыңыздар! Оның үстіне қазір вирустық инфекция өршіп тұр. Жол бермеу үшін аяқты жылы ұстап, өздеріне қарап жүрсе, жаңа штамның таралуына тосқауыл қоя аламыз.

– Инфекциядан қорғанудың тәсілі қандай?

– Бұл инфекцияға тосқауылдың бір түрі – ревакциянация болуы шарт. Алдын алудың бірден-бір жолы – вакцинация мен ревакциянация алу. Жаңа штам, мутацияға ұшыраған түрі болсын, әлемдік зертханалардағы тәжірибе көрсеткендей вакцина арқылы оның алдын алу ең маңызды қадам. Бүгінде қоғамда ортақ иммунитет қалыптасты деп айта аламын.

– Бүгінде елімізде халықтың неше пайызы вакцинациядан өтті?

– Елімізде халықтың 56 пайызы (10 млн.800 мың) вакцинацияның I және II компоненті бойынша толық курсын алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және әлемдік зерттеулерге сай алты айдан соң коронавирсутық инфекцияға адамның денсаулығының иммунитенің әлсіреу белгілері болады. Сол себепті, иммундық жүйені нығайтып отыру үшін алты айдан соң ревакцинация алу керек. Ревакцинация бойынша халықтың 5 млн.600 мыңы алды. Осы тұрғыда жұмысты күшейту үстіндеміз.

– Вакцина алудың маңызы қандай және елімізде жеткілікті ме?

– Екіойда жүрген адамдарға алаңдар бұл жайында үнемі айтамыз. Біз ғана емес, бүкіл әлем бойынша мұны жеңудің ең тиімді жолы вакцина екені айтылды. Қазіргі уақытта вакцинаның түрі мен дозасы жеткілікті. Қазақстанда 680 мың доза бар. Оның ішінде, 150 мыңға жуығы отандық «QazVac», 324 мың «Sinopharm» доза, 210 мың «Pfizer» дозасы қазақстанда жергілікті денсаулық сақтау басқармасына бөлініп берілді. Сол себепті ешқандай мәселе жоқ. Қайда барып, қандай түрін алам десе осы үш түрі қазір қолжетімді. Тегін салдыруға болады және ортақ иммунитетті қалыптастыруға, жақындарын сақтауға септігін тигізеді.

 – Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға