Омбудсмен Конституциялық Соттың Төрағасымен өтініш беру тәртібін талқылады
![Омбудсмен Конституциялық Соттың Төрағасымен өтініш беру тәртібін талқылады Омбудсмен Конституциялық Соттың Төрағасымен өтініш беру тәртібін талқылады](/storage/storage/element/2023/01/18/mainphoto/33964/1200xauto_4M0Jz4w0uPDst3P3uBg5D12oruYXtRl4WDwhnzIB.jpg)
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
18.01.2023 12:03
1161
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасымен және Аппаратымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Конституция нормаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Конституциялық Соттың адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі Уәкілдің ықтимал өтініштерін қарау тәртібі туралы сөз болды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Жер заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады