Жаңалықтар

Омар Хайям туралы әфсаналар

Парсы философы, математигі, астрономы әрі шайыры Омар Хайям Нишапури (толық аты – Ғиясаддин Әбу әл-Фатх Омар ибн Ибраһим Хайям Нишапури) хижра шәмси жыл санағы бойынша 427 жылы Селжүктер әулеті тұсында дүниеге келген.
22.07.2014 11:06 15801

Парсы философы, математигі, астрономы әрі шайыры Омар Хайям Нишапури (толық аты – Ғиясаддин Әбу әл-Фатх Омар ибн Ибраһим Хайям Нишапури) хижра шәмси жыл санағы бойынша 427 жылы Селжүктер әулеті тұсында дүниеге келген. «Ақиқат қажысы» деген лақап атымен танылған Хайямның ғылыми еңбектері әдеби шығармаларынан гөрі маңыздырақ болғанымен, оған жаһандық атақ әкелген де дәл сол рубаилері (рубаи – қос тармақты, төрт жолдан тұратын өлең, лирикалық поэзияның формасы). Оның үстіне ақынның рубаилері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Алғашқылардың бірі болып ағылшын ақыны Эдвард Фицджеральд оның шығармаларын ағылшын тіліне аудару арқылы, оны батысқа танытады.

Омар Хайям туралы әфсаналар

Оның ең үздік еңбектерінің бірі ретінде сұлтан Малек Шаһ Селджкуқи дәуіріндегі (х.қ.ж.с.б. 426-490)  Қожа Назем әл-Мәлік билік еткен кездегі күнтізбеге енгізген түзетуін атауға болады. Ол математика мен әдеби, діни және тарихи ғылымдардың ұстазы болды. Хайямның үш дәрежелі теңдеулерді шешудегі және Евклидтің бес постулатын зерттеудегі рөлі орасан зор.

Өмірбаян жазушылардың бір тобы Омар Хайямды Ибн Синаның шәкірті, ал келесі бір тобы имам Мовафеқ Нишапуридің шәкірті болған дегенді айтады. Хайямның Ибн Синаның шәкірті болғандығы туралы болжам шындыққа жанаспайды, себебі өмір сүрген уақыттары екі түрлі. Хайям өзін Ибн Синаның шәкіртімін деп есептейді, бірақ Ибн Синаның ұстаздығы рухани тұрғыда айтылған.

Хайям туралы әфсаналар

Хайям турасында бірнеше аңыздар бар. Бірде ақын шарап ішкісі келіп құмыраға қолын соза бергенде, жел тұрып әлгі құмыраны құлатып кетеді екен, сонда Хайям былай дейді:

Шәрбатқа толы көземді менің сындырдың, Раббым

Ләззатқа жетер жолдымды жауып алдың ба, Раббым

Шараптан ішсем, қыларсың менен ессізді

Болмас па мастық тілімнің биі, Раббым

Ақынның осындай күпірлі сөздерінен кейін Хайямның беті қап-қара болып кетеді-мыс.  Сонда Хайям айтқан сөздеріне өкініп, құдайдан кешірім сұрап былай дейді:

Күнәсіз пенде жалғанда мынау болар ма?

Күнәсіз жаның шынымен тірі болар ма?

Болармын жаман, сенің жаман сыйыңнан

Сені мен менің парқымыз сонда болар ма?

 Омар Хайям туралы әфсаналар

Осылайша құдайдан кешірім сұраған соң Хайямның беті қайтадан ағарып шыға келеді екен.

Келесі бір әфсанада Хайям шәкірттерімен бірге медресе маңынан өте бергенде, сол медресені жөндеп жатырған бір топ адамдарды көреді екен. Олар кезек-кезек есектерге кірпіштер тиеп, оны медресенің ішіне кіргізіп жатады. Солардың арасында жалғыз бір есек әлгі медресеге кірмей тұрып алады, әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды әйтеуір сол жануарды ешкім кіргізе алмай қояды. Бұл жайды алыстан байқаған Хайям әлгілердің жанына келіп, есектің құлағына бірдеңе сыбырлайды. Бұдан кейін банағы есек медресеге кіріп кетеді. Осы оқиғаға куә болған шәкірттері ұстазынан есектің құлағына не деп сыбырлағанын сұрайды. Сонда Хайям: «Ол бейбақ осы медреседегі оқушылардың бірі болған. Өлген соң хайуан кейпінде қайта туылады. Содан медресеге кірсе, оны біреу-міреу танып қояды-ау деген күдікпен кіруге батылы жетпей тұр екен», – дейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға