Омар Жәлел бас би лауазымынан айырылды
Фото: facebook.com/omar.temirbekov
Фото: facebook.com/omar.temirbekov
21.08.2023 10:22
4070
Билер алқасы Омар Жәлелді би деп мойындаудан бас тартты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақ билер алқасы 2023 жылы 31 шілдеде өткен онлайн жиында көпшілік дауыспен Омар Жәлел мырзаны Бас би лауазымынан жеке ұстанымына байланысты айырып, Бас би деп мойындаудан бас тартты, – делінген «Қазақ билер алқасы» таратқан хабарлама.
Еске салсақ, 2022 жылы Омар Жәлел 17 қыркүйекте қазақтың Бас биі болып сайланған болатын.
Құрылтай Түркістан облысының Түлкібас ауданы, Машат ауылындағы «Ақшолпы» деген демалыс орнында өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Вьетнамда Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы 30 жылда қалай дамыды