Олжас Бектенов жол құрылысына байланысты тапсырма берді
Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов жаңа жол жобалары бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрі Марат Қарабаев жерді уақтылы алып, карьерлерге лицензия беру қарқыны туралы баяндады.
Премьер-министр құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуіне және олардың құны қымбаттауына жол бермеу үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.
Алдағы уақытта жобалардың қымбаттап, мерзімдердің созылып кетуіне жол бермеу үшін барлық дайындық жұмыстарын ерте бастан жүргізу керек, – деп атап өтті премьер-министр.
Әкімдіктерге болашақ жобалар үшін учаскелерді резервке қойып, ол жерлерді беруге және нысаналы мақсатын өзгертуге мораторий жариялау тапсырылды. Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет мұқтажы үшін жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтасын.