Жаңалықтар

Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment 04.03.2025 13:03 102

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бүгінгі таңда 5 вокзалға реконструкция жүргізілгенін хабарлады. Жыл соңына дейін туристік бағыттарды қосқанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан параллельді түрде қамтамасыз етіледі, – деп толықтырды Марат Қарабаев.

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Мен сізге вокзалдарға қатысты тапсырма бердім. Бұл біздің имиджімізге қатысты өте маңызды мәселе, сондықтан аталған жұмыстар биыл аяқталуы керек, – деп атап көрсетті Олжас Бектенов.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға