Жаңалықтар

Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен кездесті

Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен кездесті
Фото: primeminister.kz 10.09.2024 20:45 360

Олжас Бектенов РФ Новгород облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті. 

Өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға