Олжас Бектенов апта соңына дейін аяқтауды тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
28.05.2024 10:28
548
Үкімет басшысы Олжас Бектенов кейбір өңірлерде су тасқыны салдарын жою жұмыстарының қарқыны баяу екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жұмыс баяу жүріп жатқанын атап өтіп, әкімдіктерге өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы, қатаң бақылауда ұстаңыз, – деді Олжас Бектенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға