Жаңалықтар

"Өлтіру ниеті болмаған". Қуандық Бишімбаевтың әкесі ұлын ақтап алғысы келе ме

"Өлтіру ниеті болмаған". Қуандық Бишімбаевтың әкесі ұлын ақтап алғысы келе ме
Фото: Әлеуметтік желіден 26.12.2023 11:39 10080

Ертісбаев Live Youtube арнасында жарияланған видеосында Уәлихан Бишімбаев сөзін қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстарына көңіл айтудан бастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол сонымен қатар, ұлының Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келмегенін мәлімдеді.

Олар отбасын құрып, ары қарай өмір сүргісі келді. Пәтерінде құрылыс жүргізіп, киім бөлмесін Салтанат үшін үлкейтуді қалады. 9 қараша күні не болғанын біз де білмейміз. Бірақ біз ұлымыздың өлтіру туралы ойы болмғанына толық сенеміз, – деді Бишімбаев.

Уәлихан Бишімбаев тергеу құпиялығын алға тартып, ұлына қатысты іске манипуляция жасап жатқандардың көп екенін айтты.

Ол сөзінің соңында БАҚ өкілдерін шындыққа жанасатын ақпаратты ғана жариялауды сұрады. Сонымен қоса тиісті органдарды ашық әрі әділетті тергеу жүргізуге шақырды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға