Жаңалықтар

«Өлтіріп, пәтерін өртеген». Қарағандыда атышулы қылмысқа қатысты сот отырысы өтті

«Өлтіріп, пәтерін өртеген». Қарағандыда атышулы қылмысқа қатысты сот отырысы өтті
Фото: © El.kz 06.02.2024 09:19 1202

Бұрынғы «Арселор МитталТеміртау» компниясының заңгерін аяусыз өлтіргендерге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Заңгердің денесі өртенген пәтерінен табылған еді. Тергеу жұмыстары нәтижесінде күдікке көршісі ерлі-зайыптылар ілінген. Оларға қатысты сот отырысы басталды.

Полицейлердің мәліметінше, көршісі марқұмнан қарызға ақша сұраған. Жолдасының Эмге бас сұққанынан күдіктенген Ольга марқұмға бірінші болып пышақ сұққан. Одан кейін күйеуі аяусыз сегіз рет пышақпен жаралайды. Қылмысты жасыру мақсатында пәтерге күдіктілер өрт қойып, шығып кеткен. Белгілі болғандай, олар бұған дейін бөтелкелес болған екен.

Одан бөлек пәтерден 400 мың теңгеге жуық қаражат та жоғалған. Кінәні мойындамаған ерлі-зайыптылар 20 жылға сотталуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға