Жаңалықтар

Олимпиададан кейін не болады?

Астанадағы "Алау" мұз айдыны, "Сарыарқа" веложайы, "Астана Арена" стадионы және Алматыдағы трамплин кешені Азиададан кейін де халыққа мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Бір сәт те жұмыс тоқтатқан емес!
26.02.2014 08:44 4927

Тарихтағы шығынға батып "Банкрот болған Олимпиадалар" туралы жазғанымыздың растығын дәлелдей түсер фотоларды қарап шығыңыз. Жүректі ауыртады... Кезінде елдің атын шығарамыз деген ұранмен өткен, кейінгі зардабы мен қаржы дағдарысын халқы тартқан ойындардан кейін нысандардың қалай қаңырап тұрғанын көріңіздер.  

Олимпиададан кейін не болады?

2004 жылы Афины Олимпиадасына арнайы салынған бейсбол алаңы

Олимпиададан кейін не болады?

1984 жылы Сараево Олимпиадасында бобслей жолының рөлін атқарған екен...

Олимпиададан кейін не болады?

1952 жылы Финляндиядағы Олимпиада кезінде бассейн болған...

Олимпиададан кейін не болады?

2008 жыл. Пекин Олимпиадасы қарсаңында пайдалануға берілген "Құс Ұясы" стадионының қазіргі жағдайы

Олимпиададан кейін не болады?

Пекин Олимпиадасында жасанды өзен жолы болған арна

Олимпиададан кейін не болады?

Турин 2006 Олимпиадасының қаңырап тұрған қалашығы.

Олимпиададан кейін не болады?

Бір кездері трамплин болса керек... Сараево 1984

Олимпиададан кейін не болады?

Афины Олимпиадасында пайдаланылған ғимараттар...

Олимпиададан кейін не болады?

Пекиндегі жағажай волейболы кешені. 2008 жылы салынған

Олимпиададан кейін не болады?

1984 жылғы Сараево Олимпиадасының жеңімпаздары көтерілген даңқ тұғыры

Әлемде осындай жағдай... Қазақстан жағдайында бұл Астанадағы "Алау" мұз айдыны, "Сарыарқа" веложайы, "Астана Арена" стадионы және Алматыдағы трамплин кешені. Құдайға шүкір, аталған нысанның барлығы Азиададан кейін де халыққа мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Бір сәт те жұмыс тоқтатқан емес! Жалғастыра берсін деп тілейміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға