Олимпиада ойындары: Қазақстандық спортшылардың марафондағы нәтижесі

20.02.2022 10:34
1787
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарынша шаңғымен 30 шақырымға жарысудан масс-старт бәсекесі өтіп, Қазақстан командасынан үш спортшы қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Ангелине Шурыга көрсетті. Ол 42-ші орында. Надежда Степашкина 49-шы, Ирина Быкова 54-ші орында.
Алтын жүлдені норвегиялық Тереза Йохауг иеленді.
Күмісті Джесси Диггинс (АҚШ), қоланы Кертту Нисканен (Финляндия) еншіледі.
baq.kz
Бөлісу:
