Жаңалықтар

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Рио-2016
19.08.2016 06:37 9303

Алтын медаль – бұл күллі бір елдің намысын арқалап барған спортшының ғана жетістігі емес, сол мемлекеттің беделі, абыройы. Олимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйақылар тағайындалды? Ең үлкен көлемдегі сыйақы қай елге тиесілі? Саралап көрейік.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

 Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Қазақстан Рио-2016 олимпиадасында алтын медаль иеленген спортшыға 250 мың АҚШ доллоры көлемінде сыйақы береді. Төртжылдықтың басты додасында топ жарған спортшыға құрмет жоғары екені белгілі. Алтын медаль алған спортшыға елімізде 250 000 доллар, күміс медаль иегеріне 150 000 доллар, қола медаль алған спортшыға — 75 000 доллар сыйақы тағайындалған. Оны былай қойғанда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚР заңына сәйкес Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне жергілікті әкімдіктер тарапынан пәтер беріледі. Тарқатып айтар болсақ, алтын медаль иемденген Олимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер, ал күміс алған спортшыға екі бөлмелі, қола жүлдегерге бір бөлмелі пәтер беріледі.

 Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ниджат Рахимов салды.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Ол әлем чемпионатындағы жетістігін қайталап, жарыс чемпионы атанды. Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды Дмитрий Баландин сыйлады.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуден топ жарып, Олимпиада чемпионы атанды. Аталмыш байрақты бәсекеде 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов үшінші алтынды қанжығасына байлады.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Ақтық сайыста жерлесіміз өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовпен жұдырықтасты. Бірінші раундта Данияр жарақатына қарамастан сауатты қорғанып, дәл соққылар жасады. Екінші раундта да жерлесіміз ширақ қимылдап, басымдықты қолдан берген жоқ. Соңғы шешуші раундта ұлттық құраманың капитаны Шахрамнан бір бас жоғары өнер көрсетті. Қорытынды есеп 3:0. Нәтижесінде Азияның екі дүркін чемпионы Рио Олимпиадасының жеңімпазы атанып, қоржынға үшінші алтын жүлдені салды.

Ең көлемді жүлде тіккен кім?

 Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында топ жарған спортшыларға нақтырақ айтқанда алтын медаль иемденген сайыпқырандарға ең үлкен көлемдегі жүлде тіккен мемлекет – Сингапур. Сингапур алтын жүлдеге 745 000 $  тағайындады. (Сингапур елі 2012 жылғы Олимпиада кезінде жеңімпаз атанған спортшысына 800 000 $ тағайындаған еді). Одан кейінгі орында Тайвань тұр. Тайвань – 628 000 $, Индонезия – 382  000 $, Таиланд – 314 000 $, Малайзия – 249 000 $, Филиппин – 237 000 $, Италия – 168 000 $, Франция – 65 000 $, Қытай – 50 000 $, Оңтүстік Корея – 32 000 $, АҚШ – 25 000 $, Германия 20 000 $ көлемінде сыйақы беретін болады.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел? 

Ал, бұрын Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттер арасында Әзербайжан намысты додада алтыннан алқа таққан спортшыларға – 510 000 $ беретінін жариялаған. Жоғарыда айтып өтеніміздей одан кейінгі орында Қазақстан тұр. Алтын медальға – 250 000 $, Өзбекстан – 200 000 $, Латвия – 156 000 $, Беларусь – 150 000 $, Молдава 150 000 $, Украина 125 000 $, Қырғызстан – 105 000 $, Грузия – 72 000 $, Ресей – 60 000 $ көлемінде жүлде тігіп отыр.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел? 

Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған спортшыларына сыйақы бермейтін елдер де де бар. Мәселен Ұлыбритания, Хорватия, Норвегия мен Швеция елінің биліктері үздіктеріне сыйақы беруді қарастырмаған.

Рио-2016 ойындарын ұйымдастырушылар қанша қаражат бөлді және қатысушылар қанша алады?

2016 жылғы Олимпида ойындарының бюджеті 9,77 млрд деп бағаланып отыр. Ол үш бөлшекке бөлінеді: спорттық нысандарды салуға 1,77 млрд $ қаражат жұмсалса, құрылыс пен инфраструктураны ұйымдастыруға 6,15 млрд $, ал байрақты бәсекені өткізу әрі спортшыларды қабылдау, марапаттау рәсіміне 1,85 млрд $ қаржы жұмсалған.

Осыдан төрт жыл бұрын өткен Лондон олимпиадасында ағылшындар 15 млрд қаржы жұмсаған екен. Рио-2016 олимпиадасын ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш жарыстарға бөлінген қаражаттың 60% жекеменшік инвестицияның үлесі. Жарысқа жұмсалған шығын тек он жылдан кейін ғана ақталуы мүмкін деген болжам бар.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

2008 жылы өткен Пекин олимпиадасына 43 млрд $ жұмсалыпты. Бұл – Олимпиада тарихында ең қымбат Олимпиадалық ойын ретінде саналады. Жоғарыда атап өткенміздей 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында 15 млрд $ қаражат жұмсалған. Ал, 2004 жылы Грецияда өткен Афина олимпиадасына қазынадан 11,6 млрд $ бөлінсе, 2002 жылы Ванкувер қысқы Олимпиадасына 600 млн $ қаражат жұмсалған. 2000 жылы Австралияда өткен Сидней олимпидасының бюджеті 4,1 млрд $ болған екен.   

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел? 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 15 медаль бар. Оның 3-еуі алтын, 5-еуі күміс және 7-еуі қола жүлде. Өз кезегінде, бұл - Олимпиада ойындарында иеленген медальдар саны бойынша тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Жазғы Олимпиада ойындарында 28 спорт түрінен барлығы 306 медаль жиынтығы сарапқа салынуда.

Олимпиада чемпиондарына ең үлкен сыйақы тағайындаған қай ел?

19 тамыз күнгі медальдар кестесіне мына сілтеме арқылы өте аласыз.


Айша КЕРЕЙ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға