Олимпиада жүлдегері Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды

Фото: Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Фото: Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы
27.07.2023 17:36
2577
Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болып Нұрбақыт Теңізбаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Теңізбаев облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.
Оқи отырыңыз:
- Елордада "Ғашықтар" атты киноновелла көрерменге жол тартпақ
- Оралда 64 жастағы ер адам көп қабатты үйден секіріп кетті
Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында туған.
Грек-рим күресінен 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2003 жылғы Ыстамбұлда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы.
Бөлісу:
