Жаңалықтар

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Әділет министрлігі оны шетел агенті ретінде таныған
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу жарияланды
Фото: falp.kz 26.12.2022 21:29 883

Ресей ішкі істер министрлігі кәсіпкер Дмитрий Давыдовке іздеу салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Interfax.ru сайтының мәліметінше, 16 желтоқсанда Әділет министрлігі оны шетел агенті ретінде таныған.

Давыдовтың дерегі бар карточка 26 желтоқсанда министрліктің іздеу базасында пайда болған. Онда кәсіпкердің қай бап бойынша ізделіп жатқаны көрсетілмеген.

Давыдов 1981 жылы Қазақ КСР-да дүниеге келген.

БАҚ мәліметінше, Давыдов «Олимп» букмекерлік фирмасының тең иесі болған. Ол істің фигуранттары заңсыз әрекетпен айналысқан. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Ресейді дамытудың 20 идеясы» авторлық жобасын жасады деген күдікке ілінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға