Жаңалықтар

«Өлімге әкелген жұмыртқа». Меркідегі жасөспірімнің өліміне қатысты тың дерек шықты

«Өлімге әкелген жұмыртқа». Меркідегі жасөспірімнің өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: t.me/kozachkow 15.05.2024 15:31 12298

Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында жасөспірімдер арасында төбелес болып, салдарынан бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачковт телеграм арнасында оқиғаның неден туындағанын жазды.

Тергеу барысында анықталғандай, марқұм Сыпатай ауылының тұрғыны 16 жастағы Артем Садков болып шықты. Ол досымен бірге оқу-өндірістік комбинатқа жүргізуші курсынан өтуге келген.

Автомектепке жеткенше, балалар тамақтанып алмақ болып, піскен жұмыртқа жейді. Осы кезде олардың жанына автомектепте оқитын төрт бала келіп, жұмыртқа туралы әзіл айтып, намыстарына тиген.

Араларында жанжал туындап, әзіл айтқан жігіттің орнына досы төбелеске шығады. Ол жекпе-жекте Артемнен жеңіліп қалған. Осы сәтте төбелес туындатқан жігіт досына кастет берген. Жеңілгенін намыс көрген бала Артемнің басына кастетпен ұрып, құлатады. Жасөспірімдер жедел жәрдем шақырған. Алдын ала болжам бойынша Артемның миына қан құйылған. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық іске қатысы бар тағы бір балаға заңсыз қару алып жүрді деген айып тағылуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға