Жаңалықтар

Олигарх Клебанов Екібастұз жылу электр орталығын бір теңгеге сатуға дайын

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты
Олигарх Клебанов Екібастұз жылу электр орталығын бір теңгеге сатуға дайын
Фото: exk.kz 30.11.2022 14:32 1536

Олигарх Александр Клебанов Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Егер Клебанов осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, халыққа және мемлекетке келтірілген залалды өтеуі керек. Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс болды, оған Клебанов та келді. Сол кезде осы жайында оған айттық. Ол аталған нысанды бір теңгеге мемлекетке сатуға дайын екенін мәлімдеді. Біз өз кезегімізде олай болмайтынын, яғни бірінші кезекте кәсіпорынды иелікке алған кезде оның жағдайы мен қазіргі ахуалын салыстырып, соның айырмашылығын анықтап алуды талап еттік. Осы орайда кәсіпкер бұл айырмашылықты төлеуі тиіс, сондай-ақ Екібастұздың тұрғындарына келген шығынды өтеп беруі керек», - деді Ерлан Саиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға