Жаңалықтар

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден Азия Ойындарының финалына шықты

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден Азия Ойындарының финалына шықты
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 01.10.2023 14:45 785

Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында қазақстандық атлет Ольга Сафронова 200 метр қашықтықты 22.79 секундта бағындырып, финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз финалға 4-ші нәтижемен шығып отыр. Бұған дейін Қазақстан жеңіл атлеттері сары құрлықтың ойындарында үздік нәтижесі көрсеткен еді. 

Мәселен, Ольга Сафронова бұған дейін Инчхонда өткен Азия Ойындарында 2014 жылы алтын, күміс, қола жүлде еншілесе, 2018 жылы Джакартадағы додада қола жүлде алған еді. 

Ал бұл жолғы финал 2 қазан күні Астана уақытымен 17:45-те өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға