Жаңалықтар

Олеся Калинкина пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді

Спортшы Үндістанға Азия чемпионатына баруды жоспарлап отыр
Олеся Калинкина пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді
Фото: gov.kz 10.12.2022 15:00 1058

№3 Көпбейінді қалалық аурухананың эндоскопист дәрігері Олеся Калинкина Дубайда пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер ару бұл спорт түрімен небәрі төрт жыл бұрын ғана, яғни 33 жасында айналыса бастапты. Ол кезде Олесяда тек денсаулығын жақсартуға деген ұмтылыс болған екен.

«Пауэрлифтингтен әлем чемпионы, республикалық чемпионаттардың жүлдегері, бапкер Александр Мирошниковпен таныстым. Ол менің нәтижелерімді көріп, өзімді кәсіби спортшы ретінде сынап көруді ұсынды. Өткен жылдың мамыр айында Алматыда өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, күміс жүлдеге ие болдым, алғашқы өнер көрсетуде бірден «спорт шеберлерінің» нормативін орындаған екенмін», - дейді Олеся Калинкина.

Айта кету керек, чемпионаттағы мықты бәсекені ескерсек, мұндай жетістікке жету оңай болған жоқ. Алғашқы нәтиже  Олесяға шабыт беріп, бар күш-жігерін, салған, енді ол спорттық карьерасын жалғастыруға ниетті. Мамыр айында спортшы Үндістанға Азия чемпионатына баруды жоспарлап отыр. Дубайдағы алтын — күш-жігердің, төзімділіктің және еңбекқорлықтың нәтижесі.

Спортшы ару медицина саласын да қатар алып жүр. № 3 КҚА-да 2021 жылдың қаңтарынан бастап эндоскопист дәрігер болып жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі — 11 жыл. Қызметкерлер мен науқастар Олесяны кәсібилігі мен асқан жауапкершілігі үшін жақсы көреді және құрметтейді.

«Мен үшін біліктілікті арттыру өте маңызды, сондықтан үнемі білімімді үнемі жетілдіруге тырысамын: семинарларға, конференцияларға қатысып, онлайн курстардан өтемін», - деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға