Жаңалықтар

Олар пышақпен келгенде, қолыма қалам ұстап шықпаймын ғой – Шерзаттың әкесі

Олар пышақпен келгенде, қолыма қалам ұстап шықпаймын ғой – Шерзаттың әкесі
Фото: Видеодан кадр 15.10.2024 11:00 11735

Ұлынан айырылып, қара шаңырағы өртенген Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғыдан қан жұтып отырған әке өзін қылмыс болған күні «камерада пышақ ұстап жүрді» деп айыптағандарға жауап берді.

Қайғы-қасіреттен шаршадым. Мен тек әділ сот болуын қалаймын. Менің не бауырымның кінәсі болса, жазаласын. Менің баламды өлтірген адам да әділ жазаға кесілсін. Себебі баламның жарақаттарын жасырмақ болды. Ештеңеге таңғалмайтын жағдайға жеттім. Олар пышақпен келді, мен ол жерге қағаз бен қалам ұстап шықпайтын шығармын. Егер біз қан төксек, қараласаңыздар, «қанішер» деп жазаласаңыздар болады. Ал біз қан төккен жоқпыз, төкпейміз де. Сондықтан мені не отбасымды қаралаудың қажеті жоқ. Егер өлтірген балалардың әкелері ер адам болса, олар менің алдыма келіп кешірім сұрар еді. Әлеуметтік желілерде үлкен кісілерді салып қойып немесе әйелдерді жіберіп қойып отырмаушы еді, - деп ашуға булықты Қаржаубай Нұрымов.

Айта кетейік, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала азғындықпен қаза тапқан болатын. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға