«Ол үлкен қаражат емес»: вице-министр МӘМС салымы туралы

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев МӘМС-ке ұсталатын жалақының 2%-ы үлкен қаражат емес екенін, кейбір медициналық қызметтердің бес миллионға дейін баратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жалақының 2%-ы ғана ұсталып отырады. Бұл үлкен қаражат емес. Ал кейбір медициналық қызметтер жарты миллион, миллион, бес миллион болуы мүмкін. Көп азаматтар мұндай шығындарды көтере алмайды. Сондықтан осындай сақтандыру жүйесі қарастырылған. Әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі – ынтымақтастық негізінде жасалған жүйе. Бүгін сіз жұмыс істеп жатсаңыз, басқа ауырған адам сол қаражатты қолданып, тексеріледі, медициналық көмек алады. Ал ертең сіз ауырғанда, сіз басқа адамдардың салған ақшасын қолданасыз, - деді ол.
Сондай-ақ ол «сақтандыруға берген ақшаны қайтару мүмкіндігі қарастырыла ма?» дегенге жауап берді.
Біз алда ауырамыз ба, ауырмаймыз ба, білмейміз. Апаттар, инфекциялық аурулар бар. Бұл қаражат азаматтарымызға медициналық көмек түрінде қайтады, - деді ол.
