«Ол мені аңдып жүр»: Павлодарлықтың соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылады
Павлодарлықтың соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыз полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Ажырасқаннан кейін ер адам оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан.
Тәртіп сақшылары шетелдіктің ҚР аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол ұсталды, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және кейіннен өз елінің елшілігінде одан әрі құжаттау үшін қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды.
Ол енді елден шығару жайлы шешімді күтуде. Айта кету керек, қоқан-лоқы мен аңдуларға байланысты қыз бұрын полицияға жүгінбеген, бәрі шешіледі деп ойлаған.