Жаңалықтар

«Оған көмектесу керек». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі не дейді?

«Оған көмектесу керек». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі не дейді?
Фото: коллаж El.kz 18.04.2024 16:50 2458

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде оқырмандар сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Бишімбаевтың аз ұйықтайтынын айтты. Сонымен қатар, Салтанаттың жақсы қасиеттерін пайдаланғанына күмән келтірмейді.

Салтанатты дегенінде ұстап келуінің себебін хабарламадан-ақ аңғаруға болады. Салтанаттың өзін кінәлі сезінуін, ұят санауын, аңқаулығын барлық жақсы қасиетін өзіне қарсы қолданған, - деп жазды Назым.

Ол аяуды тоқтатып, әрбір адам өзін бірінші орынға шығару керек деген пікірді алға тартады.

Оны құтқаруды тоқтатып, өзіңізді одан құтқарыңыз. Әрине, оған көмектесу керек, бірақ құтқарудың қажеті жоқ. Тағы да тек өзіңе ғана сеніп, өзіңді ғана тыңдау керек. Өзгереді деп үміттенудің еш пайдасы жоқ. Мен оны  ұзақ жылдар бойы күттім. Алайда күткен сайын жағдай бұдан да жаман бола түсті. Ең бірінші тек өзіңе қамқор болу маңызды, – деді Назым.

Сонымен қатар, Бишімбаевтың бірінші әйелі мен олардың өмірі, ажырасуы туралы ештеңе білмейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға