Жаңалықтар

Одри Хепберн

Ұлы актриса, сұлу әрі сымбатты Одри Хепберн 1929-жылы, 4-мамырда Бельгияның Брюссель қаласында дүниеге келген.
22.07.2014 10:59 6401

Ұлы актриса, сұлу әрі сымбатты Одри Хепберн 1929-жылы, 4-мамырда Бельгияның  Брюссель қаласында дүниеге келген. Оның шын аты Одри Кэтлин Ван Хеемстра Растон. Оның әкесі - Джон Виктор Растон англо-ирландтық  банкир, ал анасы - Элла Ван Хеемстра голландтық баронесса болған. Кейінірек әкесі Растон, өз тегіне Хепберн атын қосады. Сондықтан Одридің тегі Хепберн-Растон болып кеткен.

Одри Хепберн

Одридің кішкене кезінде, оның ата-анасы ажырасып кетеді де, ол анасымен бірге Голландияның  Анре деген қаласына көшеді...Одри Хепберн қаншалықты өмірге құштар, мейірман жан болғанымен, соғыс жылдарындағы басынан өткен қиыншылықтар оның өмірінде өз ізін қалдырады.

1944 жылы Голландияның көптеген тұрғындары аштыққа, қақаған аязға шыдай алмай, көз жұмады. Одри болса, тамақты ойламас үшін, күні бойы кітап оқитын. Және де, қарсыласу қозғалысына қатысушылардың арасында байланысшы болып, хат таситын. Бір күні, ол неміс фашисттерінің көзіне түсіп қалады. Бірақ, шапшаң Одри,олардан қашып құтылып, жертөлеге барып тығылады. Егеуқұйрыққа толы жертөледе, ол бір ай бойы өмір сүреді. Ал бар қорегі, тек қана бірнеше алма мен нан болған. 

Одри Хепберн

Анре қаласы, жаудың басқыншылығынан құтылғаннан кейін ғана, баспанасынан шыққан Хепберн, сарыауруға және демікпеге шалдығады.  Ал, қала дүкендеріне азық-түлік келе бастағанда, әбден аштыққан Одри, қант пен дәрумендердің жетіспеушілігінен, бір тамақтанғанда, бір құт қоюланған сүтті өзі жеп бітіретін. Ал, бір күні, сұлы ботқасына өте көп қант салып, ауырып та қалады. Содан бері, асқазаны қалпына келмейді.

Соғыс біткеннен кейін, 1945 жылы Хепберн, анасымен бірге Амстердамға көшеді. Екеуі ардагерлер үйіне, медбике болып, жұмысқа орналасады. Сол уақытта болашақ актриса, балетпен айналыса бастайды. Кейінірек, ол Лондонда, дүниенің ең әйгілі бишілерінің бірі - Мари Рамберттің  оқушысы болады. Маридің айтуы бойынша: «Ол, керемет оқушы болған. Балетпен айналысуын жалғастырса, үздік балерина болар еді. Одри, балет мектебінде оқып жүргенде, Чарльз ван дер Линден деген режиссерді кездестіреді. Режиссер «Жеті сабақ ішінде Голланд тілін үйрену» (Голландский язык за семь уроков)деген эпизодты киноға, әртіс іздеп жүреді. Оның көзіне түскен Хепберн, киноға түсуге келісіп, актриса ретінде бағын сынап көреді. 

Одри Хепберн

Көрермендердің көңілінен шыққан Одри, бұдан кейін «Жабайы күріш дәні» (Зернышко дикого риса), «Жас келіншектердің әігімесі» (Рассказы молодых жён),  «Жұмақтағы күлкі» (Смех в раю), киноларына түседі.  Кейінірек ол, «Римдағы демалыс» (Римские каникулы) киносында атақты Грегори Пекпен бірге, басты рөлде ойнайды. 

Одри Хепберн

Осы кинодан кейін, бүкіл әлемге аты шыққан Одри, 1989 жылға дейін көгілдір экраннан түспейді...Соңғы рет,ол, «Әрқашан» (Всегда) атты кинода періштенің рөлін ойнайды...

Бұл, жай түйісушілік емес  те шығар...Хепберн, актриса ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық төтенше балалар қорының елшісі де болған. Қамқор, адал, жанашыр Одри, көз жұмғанша қайырымдылықпен айналысқан. Ел аралап, балаларға көмек көрсетіп жүрген кезінде, ол аурып қалады. Бірақ, ешкімге айтпай жүре береді...

1993-жылы 20-қаңтарда, екі ұлдың аяулы анасы, адал жар және әлем сүйер актриса, көз жұмады. 

Одри Хепберн

Бірақ, Одри Хепберн, әлі күнге дейін сұлулықтың, мейірімділіктің және адамгершіліктің үлгісі болып қала береді...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға