Жаңалықтар

Қобызшы Раушан Оразбаева лекция-концерт өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
23.11.2016 10:20 7164

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қобызшы Раушан Оразбаеваның «Қобыз сарыны» атты лекция-концерті өтті.

Қобызшы Раушан Оразбаева лекция-концерт өткізді  

Раушан Оразбаеваның лекция-концерт өткізудегі мақсаты – бүгінге дейін қаймағы бұзылмай жеткен қазақтың қобызшылық өнерін, оның өкілдері мен шығармаларын қалың көпшілікке кеңінен насихаттау.

Шара барысында қонақтар қобызшы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Раушан Оразбаеваның дәрісін тыңдап, Астана қалалық №1 музыка мектебінің «Қобыз-Рух» ансамблінің өнерін тамашалады.

Қобызшы Раушан Оразбаева лекция-концерт өткізді

Раушан Оразбаева әлемнің көптеген елдеріне барып, көнеден келе жатқан дәстүрлі аспабымыз – қобызды насихаттап жүр. Оның айтуынша шетелдіктер қобыздың тарихы мен қоңыр үніне ерекше қызығушылық танытатын көрінеді. «Қобыз әуендеріндегі сарын көне заманнан бүгінге дейін өзінің өзегін сақтап келген. Сәйкесінше, әр күйде негізгі сарын болады. Міне осы негізгі сарын еш уақытта өзгермейді. Ал осы негізгі сарынның айналасында әр орындаушының өз жанынан қосып, әрлеп, дамытуы нәтижесінде кобыз күйлері түрленіп отырады, – дейді Раушан Оразбаева.   

Аталған шара «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты музейлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.


Алмас САУДАМБАЙ         

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға