Жаңалықтар

Облыс әкімімен кездесу

Облыс әкімімен кездесу
05.01.2018 12:06 1905

Өткен жылдың соңында Батыс Қазақстан облысының әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгінов БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының активі – этномәдени бірлестіктер, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерімен, республикалық жобалардың жеңімпаздарымен, қайырымгерлермен кездесті.

- Бүгінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық бірегейлік пен бірліктің дамуын нығайтудағы оның рөлінің артуын қамтамасыз ететін біртұтас құрылымы құрылды. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 облыстық және аудандық кеңестері, 239 қоғамдық келісім кеңестері, 132 аналар кеңесі, 153 ақсақалдар кеңесі, ғылыми-сараптамалық тобы мен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедрасы. Бұнда журналистер клубы, облыстық мәслихаттың «Ынтымақ» депутаттық тобы, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты және барлық оқу орындарындағы 412 достық клубы, 3000 адамды біріктіретін «Мейірім шуағы» еріктілер қозғалысы кіреді. Бүгінгі таңда облыстық Ассамблеяның әрекет етуші активі 21 000 адамнан асады. Бұл зор әлеует.

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша батысқазақстандықтардың басым көпшілігі өңірдегі этносаралық жағдайды жағымды деп бағалайды. Сұхбаткерлердің 97,8 %-ы өздерін Қазақстанның біртұтас халқының өкілі есептейді. Бұл осында отырған азаматтар мен біздің барлық жерлестеріміздің баянды еңбектерінің нәтижесі. Барлығы биылғы жылы облыстық Ассамблея желісі бойынша 3 360 іс-шара өткізіліп, оған 140 000-нан астам адам қатысты, - деді Алтай Сейдірұлы. 

Содан соң, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелерін медальдармен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті. Ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен «Uniserv» ЖШС бас директоры, БҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Сатбаев Нұрғазы марапатталды. Қазақстан Республикасында қайырымдылық пен меценаттық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін «Жомарт жан» төсбелгісімен «Дархан» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Жолдыбаев Нұрлыбай марапатталды. Атап кететін жәйт, бұл адамдар көптеген жылдар бойы аз қамтылған отбасыларға көмектесіп келеді. Нұрғазы Сатбаев биылғы жылдың өзінде өз қаржысына өмірдің қиын жайына тап болған отбасыларға екі үй сатып алып берді. Жолдыбаев Нұрлыбай өз туған ауылында медпункт салдырып, келесі жылы салдыратын балабақша құрылысының жобасымен таныстырды.

Құрылымдық бөлімшелердің және этномәдени бірлестіктердің кейбір белсенділері облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға