Жаңалықтар

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптары

АҚШ Президенті Барак Обама кезекті еңбек демалысының бір бөлігін кітап оқуға арнайды, деп хабарлайды Politico газеті.
17.08.2015 03:23 4955

АҚШ Президенті Барак Обама кезекті еңбек демалысының бір бөлігін кітап оқуға арнайды, деп хабарлайды Politico газеті. Жазғы демалыста оқуға таңдалған кітаптар тізімінде  көркем шығарма, ғылыми әдебиет және фантастика жанрында жазылған кітаптар бар.

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптары

Сонымен, АҚШ Президенті таңдаған 6 кітап:

1.     Джеймс Солтер «Осының бәрі» («All That Is»).

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптары

Америкалық жазушы Джеймс Солтер өзінің ең соңғы шығармасын жазуға 10 жылдай уақытын жұмсапты. Жазушының 88 жасында жарыққа шыққан бұл туындыға ағылшын тілді кітап сыншылары «жыл жаңалығы» деген баға берді. «Осының бәрі» атты кітап Гарвард университетін аяқтаған, бұрынғы теңізші жігіт туралы.

2.     Энтони Дорр «Көрінбейтін жарық» («All the Light We Cannot See»).

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптарыБірнеше ай бойы үздік сатылымдар қатарынан түспеген бұл тарихи туындыны автор 10 жыл уақыт ішінде асықпай жазған. Шығармада соғыс ауырпашылығын бастан өткерген соқыр француз бойжеткені мен ұяң неміс жігіті туралы, олардың соғыс өрті лаулап тұрған әлемде өздерінің адами келбеттерін жоғалтып алмаудағы, сондай-ақ жақындарын өлімнен аман сақтап қалудағы күресі баяндалады.

3.     Элизабет Колберт «Алтыншы қырғын» («The Sixth Extinction»).

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптарыОсыған дейін «Жер» планетасының тарихында 5 рет жердегі тіршілік иелерінің жаппай қырылуы орын алған екен. АҚШ-тың Климаттық өзгерістер бойынша үкіметаралық комиссиясының 2007 жылғы мәліметінде: «Егер планетамыздағы жаһандық жылыну үдерісі жалғасатын болса, әлемдегі өсімдіктер мен жануарлардың 20-30 пайызы қырылып қалуы мүмкін», - делінген. The New Yorker журналының ғылыми шолушысы Элизабет Колберт «Алтыншы қырғын» кітабында егер осы үдерістер тездетілетін болса, жердің қандай жағдайда болатынын зерттеген.

4.     Джумпа Лахири «Ойпат» (The Lowland).

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптарыҰлты бенгал америкалық жазушы Джумпа Лахири (шын аты Ниланьяны Судесна) бұл шығармада үнді отбасының төрт әулеті арасындағы қарым-қатынас жайлы баяндайды. Ағайынды Субхаш пен Удаянның арасындағы бауырмалдық пен қамқорлық, өзге ортаға түскен үнді қызының адам танымастай болып өзгеруі оқырманды бір қуантып, бір күйіндіреді.

5.     Та-Нехиси Коутс «Әлем мен менің арамыздағы» («Between the World and Me»).

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптарыҚара нәсілді американдық журналист, «The Atlantic» журналының бас редакторы Та-Нехиси Коутс  «Әлем менің арамыздағы» атты шығармасында қара нәсілділердің америкадағы тұрмысын баяндайды.

6.     Рон Черноу «Вашингтон: Өмір» («Washington: A Life»).

Обаманың жазғы демалыста оқитын кітаптарыӘйгілі американдық магнат Джонн Рокфеллер туралы жазылған «Титан» шығармасы Рон Черноудың атын әлемдік аренаға шығарды. Адам психологиясын жақсы түсінетін жазушы бұл жолғы шығармасында Вашингтонда өткен өмірі туралы сыр шертеді.

АҚШ Президенті Барак Обаманың аталған кітаптарды оқып шығуына 16 күндік демалысы жетпейді, деп санайды газет тілшілері. Олардың есептеуінше, Обамаға әрбір кітапты оқу үшін 2,5 күннен келеді. Айта кету керек, АҚШ Президенті Барак Обама 7 тамыз күні жұбайы Мишельмен және екі қызымен Масачусетстегі курортттардың біріне демалуға кеткен болатын.

Материалды әзірлеген Қаламқас Нұрмақова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға