Жаңалықтар

Обадан коронавирусқа дейін

Адамзат тарихындағы ауыр індеттер
Обадан коронавирусқа дейін
10.04.2020 12:36 4482

Қандай ауру болса да, адамзат баласына аса қауіп алып келеді. Бірнеше ғасырдан бері келе жатқан көптеген дерттердің әлі күнге дейін емі табылмай, миллиондаған жан өмірімен қош айтысты. Ал індет бір мезгілде төрткүл дүниеге тарап, әр пенденің басына қара бұлт үйірсе қайтпек керек?

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі күннің басты проблемасына айналған сырқатты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адам баласының басына түскен ауыртпашылық екенін айтқан еді. Бұл күндері дүние жүзі пандемиямен оның салдарына тиісті жауап беру мақсатында күш біріктіру қажеттігін де айта кеткен болатын. Күш бірікпесе мұндай індеттердің бетін қайтару мүмкін емес екенін жақсы түсінеді Мемлекет басшысы.

covid-19-4985553_1920.jpg

Сонымен, әлемді әбігерге салған індеттер қандай? Олар қанша жанның өмірін жалмады, ғұмырын қиды?

Есте жоқ ескі замандағы Бубон обасы

Адам баласының тарихындағы алғашқы пандемия «бубон обасы» деген атау алып, түгел пендені тығырыққа тіреген еді. Ол обаның «Юстиниан обасы» секілді екінші атауы да бар. Аты жаман ауру Византияны билеген Юстиниан императордың таққа отырған дәуірінде пайда болып, сол тұстағы бүкіл ел-жұрттың «етегіне» кірген еді. Бір қызығы, Бубон обасы да аспан асты елінен шығып, алғаш рет кәрі құрлыққа шамамен алғанда біздің заманымызға дейінгі 540 жылдары жеткен екен. Басқа дәйеккөздерінде обаның шыққан жері ретінде Африка құрылығын мекен ектен Эфиопия мен Мысыр аталады. Сауда-саттықтың жанданып тұрған шағында індет өте жылдам қарқынмен Византияның төрт бұрышына дейін жетіп барады. Сонымен қатар, Африканың солтүстігі, Еуропа түгелімен, Азияның орталығы мен оңтүстігі, Араб елдерінің біршамасы оба сырқатының тұтқынында қалады. Емі табылмағаған ауру екі жүз жыл бойы төрткүл дүниені әбігер еткен. Сол заманда ғұмыр кешкен грек жылнамашыларының жазбасында бір ғана Константинопальдің өзінде обадан күніне он мыңдаған адам ажал құшыпты. Қайтыс болғандарды арулап жерлеуге жер жетіспегенінен, мәйіттер үйіліп көшеде қалыпты. Адамдар соның арасынан өз туыс-туғандарын жерлеуге жүрексінген. Бубон обасы қанша адамды о дүниеге аттандырғаны туралы нақты ақпаратты кездістіре алмаймыз. Тек бір жерлерде өлгендер саны 25-50 миллионның аралығында деп көрсетеді. 25-50 миллион? Кәдімгі қанды соғыстан кем емес. Сол заманда обадан өлгендер жалпы халықтың төрттен біріне тең болыпты. Ғалымдар адамзатты қырғынға ұшыратқан обаны аса қауіпті ауру екенін мойындайды. Бір қиыны бұл оба адамнан адамға жанасу, ауа тамшылары арқылы ғана емесе, бүрге секілді түрлі кемірушілерден келіп жетеді. Жұқпалы дерттің бірнеше түрі барын да естен шығармаған жөн.

Екінші пандемия – «қара өлім»

Сырқат белгілеріне қатысы жоқ атау алған обаның тарихтағы екінші «жүрген уақыты» тағы да адамзат баласын есеңгіретіп кеткен. Бір қызығы, обаның бұл түрін жұқтырып өлім құшқан жандардың денесі қарайып кететін болыпты. Оның таралуының ең шыңы ретінде 1346-1353 жылдар көрсетіледі. Алайда, індет онымен қоя салмай, ХІХ ғасырға дейін жалғасын тауыпты. Кәрі құрлық пен Азия елдерін әуре-сарсаңға салған оба тағы да миллиондаған өмірді қиып, «билік» еткен еді. Зерттеушілер бұл обаның Қытай елінен шыққандығына сеніммен қарайды. Ол тағы да нағыз сауда-саттықтың гүлденген жері Ұлы Жібек жолы арқылы Қырымға, сосын Еуропаға дейін жетіп барыпты. Жалпы есепте, «қара өлім» 125 миллион адамды өз тұзағына түсірген. Негізі мұнша адамға Жер шары қайта толығу үшін 200 жылдай уақыт жұмсалады екен. Бірақ, обаның алдында еңсесін тіктеп тұрған ешкім де қалмады. Аты жаман дерт Еуропаны екі ғасыр бұрын жайына қалдырса, АҚШ-та өткен жүзжылдықтың басына дейін мазалаған екен.

Дүниені дүрліктірген испан тұмауы

Өткен ғасырда орын алған Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлім халқын жаңа тұмау күтіп тұр еді. Н1N1 деген атау алған вирус Жер ғаламшарын мекен еткен ең шеттегі адамдарына дейін жеткен болатын. Оны жұқтырғандар саны бес жүз мтиллион деп көрсетілсе, ажал құшқандар көрсеткіші елу миллионға бір-ақ шығады. Кейбір дәйеккөздерінде жүз миллион жан өлім құшты делінеді. ХІХ ғасырдың 20 жылдарында мектеп, театрлар жұмысын тоқтатып, кейбірі мәйітхана ретінде жұмыс жасапты. Испан тұмауының шыққан жері Испания деп ойлайтынымыз рас. Десек те, кей деректерде ол Франция еліндегі әскерлер полктік лагерінен бастау алған көрсетіледі. Испан тұмауы деген атпен таралуы – сол заманда испан газеттері әскери цензурадан азат болғандықтан, бұл дерт туралы көп ақпарат тарата бастағанынан болуы мүмкін. Оған қосымша Латын Америкасы мен мұхиттың ар жағындағы елдерге испандық адам жеткізген деген ақпарат кездеседі. Айтып атпай не керек, Испания осы тұмау кең тараған бірінші ел болып аталады. Ғалымдар дерттің шығу ошағын дәл анықтай алмаған. Тіпті, кей жазбалар испан тұмауы алғаш рет Америкада тіркеді дегенді айтады. Немесе қытайлықтар арқылы мұхит асуы мүмкін деп те топшыланады. Испан тұмауы өткен ғасырда орын алған ең ауыр эпидемиялардың бірі деп саналады.Мәселен, Кеңес Одағында испан тұмауына шалдыққан азаматтың отбасын түгел қырып салған дейді. Қатал кеңестік саясат бұл ісін оның кең таралуын алдын алу деп ұқтырса керек.

Жеңілген шешек

Аталған аурудың қоздырғыш вирусын адам баласы жеңе білген. Десе де, өткен ғасырдың 60-жылдарында егу жұмысы басталғанға дейін бір ХХ ғасырдың өзінде ауру үш жүз миллион адамның ғұмырын үзді. Шешек ертеден келе жатқан вирус. Тарихшылар оның ізін сонау Ежелгі Мысырдағы мумиялардың мата үлгілерінен кездестіріпті. Дерт ең алғаш V-VІІІ ғасырлар арасында Азияның күншығыс аймағынан көрініс берген. Шешек аспан асты елі мен кәріс халқының төрттен бір бөлігін жалмап, күншығыс елінің 40%-ға жуығын өлтірген. Үш ғасыр бұрын уақытқа дейін Еуропада жыл сайын төрт жүз мың адам осы ауру кесірінен өз өмірімен қоштасатын болыпты. Ал өлмей қалғандары мүгедек болып қалыпты. Дереккөздерінде шешек ауруын жұқтырған соңғы адам 1977 жылы қайтыс болған.

Тырысқақ – ішек дерті

Холера деген дертті тіпті Гиппократ пен Цельстің жазбаларынан ұшырастыруға болады. Сырқатқа шалдыққан жан денедегі сұйықтықты көп жоғалтып, соның кесірінен ішек жолы ауру асқынып кетеді. ХІХ ғасырдың 16-жылдары бүгінгі Бангладеш жерінде тырысқақ дерті басталып, ағылшын әскерлері, миллиондаған үнділер, Ява аралын мекен еткен халық аурудан көз жұмды. 1850 жылдары холера Ресей аумағына кірген. Бұдан соң, Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде тарала бастайды. Көп өтпей-ақ, ауру мұхит асып, АҚШ пен Канадаға «қонаққа» барған. Соның кесірінен 250 мыңға жуық адам өмірімен қош айтысады. 1860 жылы тәмам деген тырысқақ қайта «тұтанып» өткен ғасырдың 20-жылдарына дейін он миллион адамды өлтірген. Одан кейінгі пандемия 1962 жылы көрінді. Одан бері тек бірлі-екілі ғана оқиғалар кездесіп келеді.

coronavirus-4924022_1920.jpg

Иммун тапшылығы вирусы

Адам баласының иммундық жүйесіне зиян келтіретін вирус жұқтырған оқиға алғаш рет 1981 жылы шілденің 5-ші жұлдызында Америка Құрама Штаттарында кездескен. Келер жылы осы мемлекетте дертке шалдыққандар саны 771-ге дейін жеткен. Ал қайтыс болғандар саны – 618-ды құраған. Бұл күндері дүние жүзінде адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар көрсеткіші қырық миллионды құрайды. Бұл адамның қаны немесе басқа сұйықтық арқылы жұғатын вирус алғаш рет Африка құрлығында пайда болуы мүмкін екен. Өйткені, осындағы адамдар осы вирусқа көп «таланған». Қазіргі уақытта аурудың даму жолдарын басқара алу, дертке шалдыққандарды емдейтін терапиялық әдістемелер ойлап табылған.

Қиындыққа тап қылған құс тұмауы

Бұл тұмаудың вирусы ең алдымен өткен ғасырдың бас кезінде Италияда белгілі болған. Негізі, ол біршама уақыт бойында адам баласына ешқандай қауіп алып келмейді деп саналған еді. Бұл вирус жабайы, үй құстарында, жылқылар мен шошқаларда табылған. Осы ғасырдың бас кезінде вирус күтпеген жерден Азия құрлығының бірнеше елінде күшті қарқынмен тарай бастады. Оның ішінде миллиондаған халқы бар Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Қытай сияқты мемлекеттер бар-тын. Негізінде суда жүзетін үйрек, қаз, аққулар құс тұмауына шалдықпайды, алайда таралу көзіне айнала алады. Құс тұмауының вирусы ең бірінш рет 1997 жылы Гонкогта тіркеген. Н5N1 вирусы он сегіз адамды ауыртып, оның алтауының өмірін жалмайды. Бұл кезеңге дейін аталған дерт адамнан адамға жұғып көрмеген екен. Науқастардың бәрі де сырқатты құстан жұқтырып алғаны анықталған.

Шошытқан шошқа тұмауы

Бұл тұмау осыдан он бір жыл бұрын наурызда «төбе көрсетті». Н1N1 2009 жылдың сәуірінде АҚШ-та тұратын он жасар қыздан табылған. Бір айта кетерлігі, дүниежүзілік денсаулық сақтау саласының заманауи жетістігі шошқа тұмауына қарсы күресе алды. Десек те, ауру адам өмірін жалмауда алдыңғы пандемиялардан кем түскен жоқ. Н1N1 штамы испан тұмауының тұтанғышы екенін еске түсірейікші. Оның басқа да мутациялары өткен ғасырдың 50-60 жылдары азиялық тұмау эпидемиясына әкеп соқтырып, қырғын жанның өмірмен қиған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы содан күдіктеніп шошқа тұмауын әлемдік пандемия деп жариялап үлгерді. Қазіргі уақытта бұл дерт қалыпты тұмау ретінде есепке алынған.

Малярия – масадан бастау алушы

Аnорһеlеs тобына жатқызылатын масаның ұрғашы тұрі шаққанда берілетін жұқпалы дерт малярияны осы ғасырдың бас уақытында 350-500 миллион адам жұқтырған екен. Оның 1,3-3 миллионға жуығы бақилық болған. Келе жатқан жиырма жылда оның саны тіптен ұлғаюы мүмкін деген жорамалдар кездеседі. ДСҰ-ның келтірген дерегіне сүйенсек, аталған дерттен жыл сайын 120-250 миилионға жете адам жұқтырып, соның жеті жүз мыңнан астамы өлім құшқан. Алайда бұл көрсеткіш осы ғасырдың басынан 2013 жылға дейін 47%-ға азайған көрінеді. Малярияны ең көп жұқтырған аймақ ретінде Оңтүстік Сахара аталады. Онда халықтың тоқсан пайызға жуығы шалдығыпты, көбі бес жасқа жетпеген бүлдіршіндер болған.

connection-4884862_1920.jpg

Коронавирус – бүгінгінің зары

2019 жылдың желтоқсан айында көрші Қытай елінің Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды делінеді. Кей деректерде оны жұқтырушылар теңіз өнімдерін сататын базарға барған не сонда жұмыс жасаған. Вирус белең ала бастаған тұста, ол базар бірден жабылған болатын. Нарықты жабуы вирустың кең етек алуын тоқтата алған жоқ. Қаңтар айында Қытай билігі коронавирусты жұқтырғандарын саны мен қайтыс болғандарды атап жүрді. Бірақ, басқа мемлекеттерден ол вирустан соншалықты қауіп күтпеген айта кетейік. Қазіргі уақытта Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңға жуық, ал өлім құшқандар саны 3500-ді құрап отыр. Көп өтпей вирус Азия құрлығының бірнеше еліне жетіп, тіпті кәрі құрлықтан бір-ақ шықты. Еуропада бұл дерттен қатты зардап шеккен алғашқы мемлекет Италия болды. Қазір дүнижүзінің түкпір-түкпірін аралаған вирусқа 1 миллион 600 мың адам шалдығып отыр. Күн сайын ажал құшқандар саны өсіп барады. Бүгінгі есеппен олардың саны 95 мыңнан асып жығылды. Соның ішінде Қазақстан да бар. Біздің елде әзірге 700-ден аса адам жұқтырса, 9 адам ажал құшты.

Кардиологоя және ішкі аурулар ғылыми институты жанындағы республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Динара Жеңісбекқызы аллергиясы бар адамдарға коронавирус ерекше қауіп төндіреді деген пікірді айтып отыр:

– Вирустар әрқашан аллергиялық дерттердің, әсіресе бронх демікпесінің тұтануын арандатушы секілді әсер етеді. Егер сондай ауру бар жан болса дәрігердің тағайындаған терапиясын міндетті түрде алу керек. Жалпы, созылмалы аллергиясы бар жандар коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары топқа жатқызылады.

Коронавирус белгілері кәдімгі суық тию, тұмауға ұқсайды. Әзірге төрткүл дүниені дүрбелеңге салып отырған жұқпалы вирустың соңы немен аяқталары белгісіз. Бастысы, Қытай бұл аурудың ел аймағында толық тоқтағанын мәлімдеп, қайтыс болғандарды аза тұту күні ретінде 4 сәуірді белгілеп үлгерді.

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға