Оғыз мәдениеті туралы археологиялық тарихнама
Ортағасырлық әл-Идриси «оғыздардың қалалары көп-ақ, олар солтүстік және шығысқа қарай бір біріне жалғаса созылып жатыр» деген. Оғыздардың қала мәдениеті туралы археологиялық қазба жұмыстары мен ғалымдардың еңбектеріне негізделген мәліметтерді келтіруге болады.
Қазақ жеріндегі ең ертеде бой көтерген қалалардың қалыптасуы қат-қабат бірнеше тарихи кезеңнен тұрады. Ал қираған қалалар жайында ХІІІ ғасырда «Дешті Қыпшақ» өлкесімен жүріп өткен діни миссияны жамылушы еуропалық тыңшы-саяхатшы Плано Карпиний мен Г. Де Рубрук та жазып қалдырған. Олар: ... «Бұл жерден біз сансыз қираған қала, бекіністер мен бүлінген қоныс орындарын таптық. Осы жерге аты белгісіз бір үлкен өзен бар. Онда белгісіз Янкент атты және басқа да қалалар орналасқан» деп, оғыз қалалары жөнінде айтылған деректерді одан әрі нақтылай түседі.
Өз кезегінде Сырдың төменгі ағысындағы, яғни Хорезм аймағындағы қалалар тарихын тереңдете зерттеген С.П.Толстов та, ҮІІІ ғасырдағы Елтеріс қағанның жорығын баяндай отырып, тасқа басылған жырда айтылатын «балық» сөзін Сыр бойының тарихымен байланыстырып, ол да «қала» сөзінің шығуына қатысты және осы маңайдағы оғыз қалалары туралы өз болжамын айтқан болатын.
Сыр бойының тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлес қосқан айтулы ғалымдар: В.В.Бартольд, А.Диваев, В.А.Каллаур, И.А.Кастанье, И.Руднев, А.Симонов, А.Якубовский, С.П.Толстов, П.Лехр, О.А.Вишневский, Л.Н.Гумилев, т.б. Сырдарияның бойында сонау ежелгі заманнан халық тығыс қоныстанған, қорған, кент, керуенсарайлар салдырған деп дәлелденген. Сыр өңірінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы жөнінде мағыналы сөз айтып, қоырытнды пікірді Әуелбек Қоңыратбаев «Азиядан екі қосөзен бар. Бірір – Месопотамиядағы Тигр мен Евфрат, екіншісі – Сыр мен Әму. Мұның екеуі де бүкіл адамзат баласы мәдениетінің көне ошақтары болған» деп жазды.
Бұл өңірде сонау ежелгі орта ғасырлық замандарда-ақ бой көтерген 40-қа жуық қала: Отырар, Жанкент, Түркістан, Сауран, Ақ-Қорған, Баршынкент, Асанас, Шірік-Рабат т.б. қалалар ерте кездерден-ақ Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы қайнаған тыныс тіршіліктің ордасы болғанын сол заманда өмір сүрген бабаларымыздың түркі мәдениетінің негізі қалағанын көрсетеді.
Сыр өңірінің ежелгі және орта ғасырлық тарихын зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар К.Ақышев, К.М.Байпақов, Б.Е.Көмеков, С.Г.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов, Ж.Құрманқұлов, М.Елеуов, З.Самашев, С.Әжіғали, С.Мәжитов т.б. Сыр өңіріндегі қалалардың орнына археологиялық зерттеулер жүргізіп, табылған жәдігерлерді саралап, Сыр өңірі шын мәнінде далалық, қалалық өркениеттердің бастауы болғанын дәлелдейді.
2003 жылғы сәуірде президентіміздің тікелей тапсырмасымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынды. Ұлтымыздың ұмытыла, жоғала бастаған рухани құндылықтарын іздеп, ғылыми айналымға енгізу жолында игі қадам басталды. Осыған орай 2005 жыдлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ресей Ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институты, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының біріккен зертеу жұмыстары Жанкент қаласында жүргізілді. Археологиялық зерттеу барысында 1946 жылғы С.П.Толстов бастаған Хорезм археологиялық экспедициясының ізімен Жанкентте, Кескен-Күйік қалаға және Күйік қалаға экспедиция жүргізілді. Бұл зерттеулердің және нәтижесінде Жанкент қаласының өз заманында өркениеттің ошағы болғаны дәлелденді.
Тарихи мәні бар қалалар арасынан қызықтырғаны бір кезде болып, кейін ұмыт қалған, орналасуы мен құрылымдық жүйесі ерекше оғыз билеушісінің ордасы еді. Алғаш рет бұл қаланың жайы туралы сырды еліміздің батыс аймағындағы Үстіртте 1989 жылдан бері археологиялық экспедиция құрамында, 2005 жылғы маусымда бірлесе жұмыс жасай жүріп, экспедиция жетекшісі З.Самашевтің жұмыстарынан байқауға болады.
Жанкент шаһары 15-20 гектар көлемде егіншілігі, саудасы дамыған қала болды. Қала маңындағы сурандыру жүйелері, егіншілік – шаруашлықтың негізгі саласы болғандығын айқындайды. Осы БҚАЭ-ның барлық барлау жұмыстарының нысанасына айналған қаланың дәл орналасқан жерін араб саяхатшысы ибн-Фадланның 922 жылы Хорезмнен шығып, Еділ (Волга) бұлғарларына барар жолда жазған күнделік жазбаларынан зерделей қарастыра отырып экспедиция мүшелері тапқан.
Әзірлеген Асылзат Оспанқұл