Жаңалықтар

Оқу мерзімін ұзарту ұсынылды

Жазғы дема­лы­стың ұзақты­ғын қысқарту білім алушылар­дың алған білімін жоғалтпауы­на сеп­тігін тигізеді
Оқу мерзімін ұзарту ұсынылды
09.07.2022 08:55 2956

Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды EL.KZ Егаман Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

 Бұл туралы 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылды.

Оқу жылын ұзартуды ұсы­­нып отырған педагог­тер қосымша төрт апта бі­лім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға кө­мек­тесетінін алға тартады. Сонымен қа­тар оқу жы­лын ұзарту «күр­делі» тақы­рып­тарды аз уақыт­та игерту мәселесін ше­шеді. Сондай-ақ жазғы дема­лы­стың ұзақты­ғын қысқарту білім алушылар­дың алған білімін жоғалтпауы­на сеп­тігін тигізеді.

Біздің ел оқу жылындағы апта саны (34 оқу апта­сы) ең қысқа мемле­кеттердің бірі. Респуб­ликамыздың білім алушылары жылына 130 күннен астам уақыт демалады бұл әлемдегі ең ұзақ демалыс десек болады. Салыстыратын болсақ: мысалы, Израильде демалыс ұзақтығы 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапония­да – 102 күн. Зерттеулер нә­тижесі көрсеткендей, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25%-ын­ ұмытатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қазақ­стандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға дейін, яғни оқу жылын 15 тамызда бас­тап, 5 маусымда аяқтауды ұсынамыз. Немесе қыркүйек айында әдеттегідей басталса, онда 20 маусымға дейін ұзарту керек, - дейді BINOM SCHOOL мек­тебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.

«Әділет» республика­лық орта және мектепке дейін­гі білім беру қауымдастығы­­ның төрағасы Динара Құдай­құлова да өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мер­зімдерді атап өтті.

20-25 та­мыздан бастап балалар шығуы керек, шын мәнінде екі апта бойы балалар оқу процесіне толығымен кіре алмайды деп санаймыз. 20-25 тамыздан 5 маусымға дейін кем дегенде ұзартылуы керек, - деді ол.

Сарапшылардың ай­туынша, оқу жылының ұзақ­тығын арттыру сынып­тар­дағы жүктемені 1-2 сағат­қа қысқартуға, каби­нет тап­шылығын оңтайлан­дыру­ға, білім алушылардың қо­сым­ша білім алуына және педа­гогтердің өздерін кәсіби дамытуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға