Жаңалықтар

Оқуға түсу мүмкіншілігі

Оқуға түсу мүмкіншіліктері. Шетелдік стипендиялар тізімі
06.10.2014 11:50 4104

Оқуға түсу мүмкіншілігі

Қазақстан студенттері қатыса алатын халықаралық бағдарламалар туралы естіп пе едіңіз? Төменде солардың ең танымалдары туралы ақпарат жинақталған.

Erasmus Mundus Scholarships (Еуропалық Одақ)


Еуропалық Одаққа мүше емес елдердің студенттеріне арналған бағдарлама. Ол мамандықтың көп бөлігін бойынша оқытады. Магистрлік және докторлық дәреже алушыларға негізделген. Бағдарлама аясында оқудың барлық қаржысы көтеріледі немесе күнделікті өмір сүруге,  оқуға, жол шығындары, сақтандыруға арналған қаржы шығындары төленеді. 2009 жылдан бері әр жыл сайын 1000-нан астам студент Erasmus Mundus Scholarships бойынша білім алада.

Ресми сайты 

DAAD Scholarships (Германия)


Неміс академиялық алмасу қызметі (DAAD) Геpмания университеттеріне шетел студенттерінің оқуына мүмкіншілік береді. Бағдарламаға қатысушы мамандықтар тізімі бекітілген. Басымдық халықаралық студенттерге, оның ішінде Орталық Азия, Африка, Шығыс Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка жас мамандарына берілген.

Ресми сайты 

Netherlands Fellowship Program (Нидерланды)


Нидерланды оқу бағдарламасы (NFP) 51 елдің мамандардын оқытатын және дайындайтын арнайы жоба. Жоба Нидерланд Сыртқы істер министрлігімен қаржыландырылады. NFP аясында магистратура, докторантура және Нидеранд университеттерінде қысқа мерзімді курстар оқу қарастырылған.  Оқу барысында өмір сүруге керекті қаражат, оқу ақысы, визалар, саяхаттау, сақтандыру және зерттеу шығындары өтеледі.

Ресми сайты 

Swedish Institute Study Scholarships (Швеция)


Швеция институтының оқу бағдарламасы Швеция университеттерінде оқығысы келетін дамушы елдердің студенттеріне арналған бағдарлама. Берілетін стипендиялардың басым бөлігі магистратураға түсушілерге тапсырылады. Оқу және оған қатысты барлық шығындар қамтылады.

Ресми сайты 

VLIR-UOS Scholarships (Бельгия)

Азия, Африка және Латын Америка студенттеріне арналған Белгия үкіметінің бағдарламасы. Бельгия университеттерінде магистратурада оқуға арналған бағдарлама. Жыл сайын VLIR-UOS Scholarships аясында 180 студенттің білім алуға мүмкіншілігі болады. Стипендия барлық шығындарды қамтиды.  

Ресми сайты 

Commonwealth Scholarships (Ұлыбритания)

Бірлестік стипендиясы Ұлыбритания университеттерінде білім алуға қызығушылығы бар студенттерге арналады. Магистрлік немесе докторлық атақ алуға мүмкіншілік беріледі. Барлық шығындар күтіп алушы жақпен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын шамамен 300-ге жуық студент стипендияға ие болады.

Ресми сайты 

Quota Scholarship Scheme (Норвегия)

Дамушы елдер студенттеріне бағытталған Норвегия үкіметінің бағдарламасы. Норвегия университеттерінде магистратура, докторантура, ал колледждерінде кәсіби даярлықтан өтуге арналған стипендиялар тағайындалады. Студентке бөлінген ақшаның 30 пайызы стипедния ретінде, 70 пайызы қарыз ретінде төленеді. Оқу біткеннен кейін студент қарызды өз елінде төлейді. 

Ресми сайты 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға