Оңтүстік Қазақстан облысындағы 667 елдімекен құбыр суымен қамтылған. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Серікбаев мәлім етті.
Лесбек Серікбаевтың айтуынша, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында облыс елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылып жатыр.
«Салыстырмалы түрде алатын болсақ, «Таза су» бағдарламасы қабылданып, іске асырылған жылдары 146 елдімекенге құбыр суы жүргізілген болатын. «Ақбұлақ» бағдарламасы іске асырылған жылдары 155 елді мекенге ауыз су нысандары жүргізілді. Және 38 елді мекеннің ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілді», - дейді басқарма басшысының орынбасары.
Лесбек Серікбаев екі бағдарлама жүзеге асып, нәтижесінде құбыр суымен қамтылған елді мекендер саны 667-ге жеткенін атап өтті.
«2 миллион 2 жүз мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылып отыр», - дейді Лесбек Серікбаев.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға