Жаңалықтар

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы
06.04.2018 06:31 1470

5 сәуірде БҚО ҚХА бастамасымен Ассамблея үйінде облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Шараның күн тәртібіне сәйкес, Қоғамдық келісім жұмысын жетілдіру және оның рөлін арттыру туралы ақпаратты Сырым ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ш.С.Дүйсенғалиева және «Стекло-Сервис» ЖШС Қоғамдық келісім кеңесінің өкілі С.А.Терницкий баяндап берген болатын. Сонымен қатар,  «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар тиімділігінің әлеуметтік өлшеуін ұйымдастыру туралы» БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы А.Жумина өткізілген сауалнама бойынша мәлімет берді. Қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Отырысты қорытындылай келе, барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестеріне елді мекендерді абаттандыру мақсатында Үндеу қаралып, қабылданды. 

Аталған шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, БҚО Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға