Жаңалықтар

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы
25.09.2018 09:38 1548

25 қыркүйек күні Достық Үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Аталмыш ішараға БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері қатысты. 
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы» мәселелері талқыланды, оның ішінде «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» туралы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ректоры Нұрлан Серғалиев сөз сөйледі. «Центркредит» АҚ-ның облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Т.И. Клютова және «Даму» АҚ кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық филиалының директоры Н. Калишанов «Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері»туралы және «Микрокредитті кеңейту» туралы айтып берді.

Сондай-ақ, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Г. Қапақов қоғамдық келісім кеңесінің қолдауымен аудандық және ауылдық деңгейлерде жергілікті бюджетті тиімді пайдалану және Орал қаласының тарихи-мәдени мұраларын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарды қарау туралы мәселелерге түсінік берді. 
БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б. Есенғалиев БҚО бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі озық технологиялардың даму барысы туралы баяндама жасады және кездесу соңында Ж. Ихсанова 2019 жылға арналған облыстық қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жоспарына тоқталды.
Талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға