Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ, АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ҚХА ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ, АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ  «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ҚХА ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫ
15.06.2018 11:14 1962

15 маусым күні Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайында өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау мақсатында «Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері және «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының қызметіндегі медиация институты» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының семинары өтті.

Маңызды шараға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і медиация және халықаралық әріптестік секторының жетекші сарапшысы, облыстық сот, прокуратура, әділет департаменті, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, этномәдени бірлестіктер, Аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенділері, аудан, қалалардың кәсіби емес және кәсіби медиаторлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т. Қасымберкебаев төрағалық етті.

Сондай-ақ семинар аясында медиация сұрақтары бойынша ашық есік күні өтті.

Семинарда ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сарапшысы И. Раһимзаде, Алматы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Жақиянов, Алматы қаласы Достық үйінің медиация үйлестірушісі Н. Альтекова, Сарқан ауданының кәсіби емес медиаторы К. Калиева, Алматы облыстық сотының судьясы  Ф. Абдуллин, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының өкілі А. Жазықбаев, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Алматы облыстық штабының төрайымы Р. Усанова сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс аяқталған соң «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығының директоры, София университетінің медиация бойынша PhD докторанты, жаттықтырушы-медиатор Г. Нарбаева  қатысушы медиаторлармен пікір алмаса отырып, семинар-тренинг өткізді. Семинар соңынан қатысушыларға сертификат табысталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға